1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

Алматы студенттері бомбаны залалсыздандырғыш танк жасады07 ақпан 2014, 17:35

Робот-сапер. Сурет жоба авторларымен ұсынылды Робот-сапер. Сурет жоба авторларымен ұсынылды
Жарылғыш затты залалсыздандыруға арналған танк Алматыдағы студенттердің басын қосты дейді аталған жобаның жетекшісі Нұрлан Кәрімжан Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. Сынамалы нұсқаны дайындауға студенттер бір ай уақытын жұмсапты. Дөңгелектері ойыншық танктен алынған, ал корпусы мен басқа да бөлшектерін жастар өздігінен жасаған. Ең ұсақ бөлшектері 3D-принтерден басып шығарылыпты. Одан кейін сапер-танк кішігірім заттарды орнынан қозғауға мүкіндік беретін жылжымалы манипулятормен жарақтанған. Танк смартфон арқылы басқарылады. Құрылғымен байланыс ұстау үшін ұялы байланыстың Интернетін, Wi-Fi немесе Bluetooth қолдануға болады. Одан кейін студенттер негізгі моделді құрай бастады. Танктің корпусы органикалық шыныдан жасалды. Жобамен айналысушы топ оны халыққа қауіп-қатер төніп тұрған нысандарда әскери мақсатта қолдануды жоспарлаған. Бірақ, Кәрімжан алдымен өнертабыс иелері патент алуы керектігін айтады. Жобаны әзірлеушілер авторлық құқық алуға өтініштерін өткізіп те қойыпты. Болашақта танк-саперді әскердің, полицейлердің немесе құтқарушылардың қару арсеналы қатарынан көруге болады. Студенттер осы аты аталған құрылымдар олардың жобасына қызығушылық танытады деп үміттенеді. Алайда ол үшін елімізде танк өндірісін бір жолға қойып алу керек екен.