22 маусым 2019 17:19

Алматыда ҰБТ-2019 қалай өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ата-аналар Ұлттық бірыңғай тестілеу процесі мен нәтижесі үшін балаларынан гөрі қатты алаңдаулы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ата-аналар Ұлттық бірыңғай тестілеу процесі мен нәтижесі үшін балаларынан гөрі қатты алаңдаулы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таңғы 7-де Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғимараты алдына мектеп түлектері келе бастады. Бұл ЖОО-да 620 түлек ҰБТ тапсырады. Қала бойынша барлығы тестілеуге 13 485 мектеп түлегі қатысады.


© Tengrinews.kz

Тестілеуге қатысушыларға тест тапсыру үшін үш сағат 50 минут беріледі. Тестілеу нәтижелері кешкі уақытта белгілі болады. Балалармен бірге мектеп мұғалімдері мен ата-аналар келді. Олардың кейбіреулері отбасымен келген. Біреулері көшеде орнатылған мониторлардан емтихан тапсыру процесін бақылады.


© Tengrinews.kz

Басқалары орындықтарда және тіпті газонға жайғасты. 


Фото Tengrinews.kz

Ата-аналар ҰБТ-ға бір жыл дайындалғанын айтады. Олардың көпшілігі тестілеу - бұл білім көрсеткіші емес деп есептейтініне қарамастан, емтихан нәтижелері үшін өз балаларынан да көп уайымдайды.

"Біз биыл екі рет сынақ тестін тапсырдық. Межеден асып, 97 балл жинады. Енді осында көреміз. Күту өте қиын, алаңдаймын. Егер өтпесе, ақылы түрде оқимыз. Негізі шет тілдер университетіне дайындалып жүрміз. Менің қызым маған қарағанда сабырлы болды", - деді мектеп бітірушінің анасы.


© Tengrinews.kz. Ольга Габитова физика пәнінің мұғалімі

"Арай" жеке білім беру мектебінде физика пәнінің мұғалімі Ольга Габитова төрт оқушыны қолдауға келген. Балалар жақсы нәтижег қол жеткізеді деп үміттенеді.

"Көптеген жұмыстар атқарылды. Біз дайындалдық, байқау сынағынан өттік. Ең жоғары көрсеткіш -110 ұпай, ал ең төмен көрсеткіш - 63, сол себепті қол қусырып уайымдап отырмын. Бір оқушы сабырлы болды, екіншісі қобалжып, оқулықтарды соңғы секундқа дейін қайталады. Басқалары аса қатты алаңдамады. Математика мен физика бойынша көптеген тапсырмалар күрделенді, сондықтан біз тапсырмаларды бірге шештік. Жақсы ұпай алады деп үміттенемін", - деді ұстаз. 

© Tengrinews.kz. Гүлнара Гасанова

Алматинка Гульнара Гасанова тоже ждет, когда выйдет ее дочь. Говорит, с утра у девочки в горло кусок не лез. Переживает, справляется ли она с заданиями.

Алматылық Гүлнара Гасановада қызының қалай тапсырғанына алаңдаулы. 

Алматыда 13,5 мың түлек үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Қазақ ұлттық аграрлық университеті ҰБТ тапсыру пункттерінің бірі болды. Мұнда 620 мектеп түлегі емтихан тапсырады.

Биыл ҰБТ нәтижелерін Telegram-бот (EDU.GOV.KZ bot) - edu.mail.kz және Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан – www.testcenter.kz арқылы білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін өзінің акт (тестіленушінің жеке коды) енгізу қажет.

ҰБТ үш міндетті пәннен (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және екі профильді пәннен тұрады.

24 және 26 маусым аралығында тестілеу мегаполистің басқа жоғары оқу орындарында өтеді.

Айта кетейік, ҰБТ-ның бірінші күні 3 434 түлек межеден аса алмады. Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші ағымына республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде - 11 361, орыс тілінде - 1 411 адам.

20 маусымда ең жоғары балл 140-тың 137-ін жинады

"Бес пән бойынша орташа балл 74,2 болды. Өту балынан асқан қатысушылар саны - 9 338, өтпеген қатысушылар саны - 3 434. Жалпы 13 068 түлек қатысады деп жоспарланған", - деді Әділет Тойбаев.

Қатысушылардың жалпы санынан "математика - физика" комбинациясын 3  963 түлек (білім беру бағдарламаларының 25 тобы, негізінен білім саласы бойынша "6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"), "химия - биология" комбинациясын - 2683 (білім беру бағдарламаларының 16 тобы, негізінен білім саласы бойынша "6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және 6B10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) таңдап алды.

"Химия-физика" комбинациясын таңдағандар аз болған. 

Айта кетейік, 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды.

ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети