Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Атырауда Конституцияны жатқа айтқан оқушыға білім гранты берілді

30 Тамыз 2016, 16:50
0
© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін 29 тамызда Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай салтанатты шара өтті. Кешке Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетелік, биылғы Конституция күні Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.

Жиында сөз алған аймақ басшысы облыс тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтай отырып, еліміздің аспанының ашық, тәуелсіздігінің мәңгілік болуын тіледі. Ол сонымен қатар Ата заңымыздағы негізгі құндылықтардың адам мен оның өмірі, еркіндігі мен құқығы екендігін еске салып, бұл қағидаттардың қазақ қоғамында ежелден келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, негізінде даналық жатқан бұл құжаттың ашылғамаған мүмкіндігі көп.

"Еліміздік Конституциясы - халық даналығымен қатар, әлемдегі ең озық моделдерді ескеріп жасалған ерекше құжат. Оның ашылмаған қыры, мүмкіндігі өте көп. Елді ұтымды басқаруға мұрындық болып отырған Ата заңымыз Қазақстанның көптеген экономикалық, саяси жетістіктерге жетуіне себеп болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз әлемдегі ең беделді ұйымдарға мүше болып, өзінің әлеуетін көтеріп, потенциялын пайдаланып отыр. Президентіміз, мұнымен бірге, әлем лидерлерінің басып қосып ғаламдық проблемаларды шешу жолында қозғалуға мұрындық болып жүр", - деді әкім.


© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс басшысы Елбасының ядролық қарудан бас тарту туралы шешімінің ел тарихындағы маңызын ерекше атап өтті.

"Осыдан 25 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Семей ядролық полигонын жабу туралы" Жарлыққа қол қойды. Оның көрегендігімен төрткүл дүние мемлекетімізді ядролық қарудан бас тартқан Бейбітшіл Ел ретінде таныды. Қазіргі таңда Қазақстан - халықаралық қоғамдастықта әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысы", - деді Нұрлан Ноғаев.

Сөзінің соңында аймақ басшысы еңбекте ерекше көзге түскен қызметкерлерге және Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілеріне алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар, облыста өткен "Конституцияны жатқа білемін!" атты конкурстың жеңімпаздары мараппаталды. Бірінші орынды иеленген Нұртаева Ақнұрға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің білім гранты тапсырылды. Сайыста қабілетін байқатқан тағы 6 қатысушыға университтер мен колледждердегі оқу ақысына 50 пайыздық жеңілдік сертификаттары мен басқа да бағалы сыйлықтар берілді.

Айта кетелік, еліміздің Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай