Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

БҒМ төрт қазақстандық ЖОО-ға ректорлар іздестіріп жатыр

06 Қыркүйек 2016, 10:44
0
© graviryu.ru
© graviryu.ru

ҚР Білім және ғылым министрлігі төрт жоғарғы оқу орынының ректорларының бос орындарына конкурс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Павлодар және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттарының ректорлары лауазымдарына конкурс жариялады.

ЖОО-ын копроративтік басқарудың толыққанды қағидаттарын ендіру және бұл мәселені талқылауға жұртшылықты кеңінен тарту жұмысы аясында білім ордаларының ректорларын сайлау жөніндегі ашық конкурс алғашқы рет өткізілмек.

ЖОО ректорлығына үміткерлерді іріктеу және тағайындау тәртібі "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" ережелердің 4-1 тарауына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде, сондай-ақ, www.edu.gov.kz ҚР БҒМ сайтында әрбір ЖОО бойынша бөлек-бөлек жарияланған күннен бастап 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн бойы қабылданады.

Конкурсқа қатысушы үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары білім, басқару лауазымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурсқа қатысушы тиісті құжаттармен бірге оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби біліктілігінің деңгейін растайтын құжаттар (біліктілігін арттырудан өткендігі, ғылыми дәреже мен атақ алу жөніндегі құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ, алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме хат ж.с.с.) ұсынуы тиіс.

Үміткерлер белгіленген құжаттардан бөлек ЖОО-нын дамыту бағдарламасын ұсынулары шарт. Оларды ЖОО-ның Бақылау кеңесі 25 күнге дейінгі мерзім ішінде қарастырады.

Осы уақытта жұртшылықпен талқылау мақсатында ЖОО-нын дамыту бағдарламалары жергілікті аймақтық БАҚ-да және білім ордаларының ақпараттық стендтерінде жарияланады.

Даму бағдарламасының ЖОО стратегиялық даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкессіздігі үміткер кандидатурасын қабылдамауға негіз болып табылады. ЖОО-ның Бақылау кеңестері құрамдарының тізімдерімен ҚР БҒМ сайтында танысуға болады.

Бақылау кеңестері ЖОО дамыту бағдарламасын қарастырғаннан кейін үміткердің (үміткерлердің) кандидатурасын құрамын Білім және ғылым министрлігі бекіткен Республикалық комиссия қарауына жібереді.

Республикалық комиссия құрамына оның төрайымы (келісу бойынша) - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаева, Комиссия төрағасының орынбасары (келісу бойынша) -ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаев, Комиссия төрағасының орынбасары - ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев, комиссия хатшысы - ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Г.И. Көбенова,ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы А.Х. Бижанов, депутат (келісу бойынша), ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет төрағасы Г.М.Ықсанова, депутат (по согласованию), ҚР Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімін меңгеруші С.Е. Кенесарин (келісу бойынша), ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі М.Е. Абылқасымова, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі А.П.Рау (келісу бойынша), ҚР БҒМ білім және ғылым салаларындағы бақылау комитетінің төрағасы А.А. Пірімқұлов, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Д.Ж.Ахмед-Зәки, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы А.И.Мырзахметов (келісу бойынша), ЖОО ассоциациясының президенті Р.А. Алшанов (келісу бойынша), Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы М.Т. Амантаева (келісу бойынша).

Республикалық комиссия құжаттармен танысудан кейін 10 күнтізбелік күндік мерзім ішінде конкурсқа қатысушымен (қатысушылармен) сұхбаттасу өткізеді. Ректор лауазымына лайық деп табылған үміткер сұхбат нәтижесі бойынша анықталады.

Республикалық комиссияның шешімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің ЖОО ректорын тағайындау туралы бұйрығына негіз болып табылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай