12 қаңтар 2021 09:11

ДДҰ вирусологы коронавирустың пайда болуына қатысты болжамын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қытайға бара жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобының өкілі Марион Купманс жарқанаттар жиналған аймақ COVID-19 тараған жер екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытайға бара жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобының өкілі Марион Купманс жарқанаттар жиналған аймақ COVID-19 тараған жер екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Әрине, вирустың қайдан шыққаны туралы болжамдар бар, бірақ ол жарқанаттардың резервуары болуы мүмкін",  - деді сарапшы CGTN телеарнасына. 

Купманс пандемияның басталуына байланысты Қытайды кінәлаудың қажеті жоқ деп санайды, себебі ешқандай ел одан алдын ала сақтана алмайды.

"Меніңше, ол сәтсіздік. Пандемиямен күрес - дүние жүзінің жауапкершілігі. ДДҰ ауру тарайтыны туралы ескертті және мен қандай да бір ел одан алдын ала сақтанды деп айта алмаймын", - деді вирусолог. 

ДДҰ өкілінің сөзінше, коронавирустың басқа елден таралып бастауы да әбден мүмкін. Алайда зерттеуді алғашқы науқас тіркелген Уханнан бастау маңызды. 

"Бүгінде біз бір нәрсені назардан тыс қалдыруымыз керек деп ойламаймын, бірақ ең алғаш вирус тіркелген Уханнан бастау керек. Барлық гипотезаны қарастыруымыз қажет. Бізден сұрағандары да осы", - деді Купманс. 

Сарапшы қатырылған азық-түліктің сыртынан табылған вирустарға қатысты ойын айтты. Оның сөзінше, мұндай азық-түліктерде вирус ұзақ өмір сүруі мүмкін және оны әлі де тереңірек зерттеу қажет.  


Вирусолог Марион Купманс. © NU.nl

ҚХР денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитеті ДДҰ сарапшылар делегациясы коронавирустың қайдан шыққанын зерттеу үшін Қытайға 14 қаңтарда келетінін хабарлаған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети