Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Эверест әлемдегі ең биік шың емес болып шықты

20 Мамыр 2016, 10:51
0
© dailymail.co.uk
© dailymail.co.uk

Әлемдегі ең биік орналасқан нүкте деп Гималайдағы Эверестті (8848 метр) емес, Эквадордағы сөнген Чимборасо жанартауын айту керек. Оның 6267 метр биіктікте орналасқанына қарамастан, ол әлемдегі ең биік шың, - деп хабарлайды moya-planeta.ru.

Француз ғалымдары мұны Жердің құрылымымен түсіндіріп отыр. Біздің ғаламшар шар тәрізді емес, оның экватордағы радиусы полюстен 20 шақырымға кеңірек. Чимборасо Эверестке қарағанда, экваторға жақынырақ. Соңғысы теңіз деңгейімен өлшегенде ғана ең биік тау болып санала алады. Алайда егер таудың биіктігін Жердің қақ ортасынан өлшесек, эквадорлық жанартау Эвересттен бірнеше метрге биік, яғни Жанартаудың биіктігі 6384 метр, ал Эверест - 6381 метр. 


Шыңдардың картада орналасқан жері. © dailymail.co.uk

2016 жылдың 5 ақпанында ғалымдар Чимборасо шыңына шығып, таудың биіктігін навигациялық спутник жүйесінің көмегімен өлшеді. Таудың биіктігі олар күткендей биік емес болып шықты. Дегенмен бұл жанартау Джомолунгмадан биік орналасқан.


Сөнген Чимборасо жанартауы (сол жақта) және Эверест. © Alamy


Чимборасо шыңындағы ғалымдар.  © Recherche pour le Développement in France

Ғалымдар альпинистерге Чимборасо шыңына көтерілуге ұсыныс айтып отыр. Чимборасо биік орналасқан жанартау, оған көтерілу оңай, сондықтан альпинистердің әлемдегі ең биік шыңды бағындыра алатынына кепіл бар.

Чимборасо жанартауы соңғы рет біздің заманымыздың I мыңжылдығында атқылаған болатын. XVI ғасырдан XIX ғасырдың басына дейін үнді математигі мен топограф Радханат Сикдар Чимборасо жанартауының әлемдегі ең биік нүкте екенін жоққа шығарған уақытқа дейін жанартау әлемдегі ең биік нүкте болып саналған еді. Ғасырлар өткенде әділдік қайта орнап отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай