07 қазан 2014 17:14

Физика бойынша Нобель сыйлығы түрлі-түсті жарық диодтары үшін берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©gazeta.ru ©gazeta.ru

Физика саласы бойынша 2014 жылғы Нобель сыйлығы түрлі-түсті жарық диодтарын жасап шығарған ғалымдар тобына берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Лауреаттарды Швед корольдік ғылым академиясы комитеті таңдады.


Физика саласы бойынша 2014 жылғы Нобель сыйлығы түрлі-түсті жарық диодтарын жасап шығарған ғалымдар тобына берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Лауреаттарды Швед корольдік ғылым академиясы комитеті таңдады.

Сыйлыққа Исама Акасака, Хироши Амано және Шуджи Накамура ие болды. Оларға қуатүнемдегіш әрі қоршаған ортаға зиянсыз көгілдір жарықдиодты шамдар жасағаны үшін алғыс айтылды. Марапаттау шарасы әдеттегідей желтоқсанда өтеді. Сегізінші қазанда химия бойынша сыйлық иегерлері белгілі болады.

Еске сала кетсек, 6 қазанда медицина бойынша 2014 жылғы Нобель сыйлығы берілген болатын. Ол Джон О'Киф, Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозерге бұйырды. Ғалымдар Нобель сыйлығын ми жасушалары биологиясы жөніндегі еңбегі үшін алды. "Өзіміздің қайда екенімізді қайдан білеміз? Бір жерден екінші жерге дейінгі жолды қалай табамыз? Келесіде сол жолмен жүру үшін тиісті ақпаратты қалай сақтаймыз? Нобель сыйлығының иегерлері кеңістікті бағдарлауға мүмкіндік беретін мидағы орналастыру жүйесін - "ішкі GPS-ті" тапты", - дейді Нобель комитетінің өкілдері. Нобель сыйлығының жартысы - 8 миллион швед кронасын Лондон университеттік колледжі ғылыми орталықтарының бірінің директоры Джон О'Киф иеленеді. Қалған қаражатты Норвегия азаматтары - ерлі-зайыпты Мей мен Эдвард Мозерлер өзара бөліседі.

Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі 6 және 13 қазан аралығында белгілі болады. 2014 жылы үміткерлер тізімінде 278 пункт бар, оның ішінде, жетеуі - қоғамдық және халықаралық ұйым. Апта соңында 13 қазанда - Стокгольмде 13 қазанда Швед корольдік ғылым академиясында Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де экономика саласы бойынша лауреаттардың есімі белгілі болады. Бұл сыйлықты 1968 жылы Альфред Нобельдің құрметіне швед мемлекеттік банкі тағайындаған. Ал ХІХ ғасырдың соңында ол тек бес сыйлық беруді өсиет етіп айтып кеткен. Әрбір сыйлықтың сомасы миллион доллар шамасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети