Физика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

06 Қазан 2015, 16:07
0
Физика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды - © er.ru
© er.ru

Физика бойынша Нобель сыйлығы нейтрин осцилляциясын ашқан ғалымдарға берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Артур Б. Макдональд (Канада) және Такааки Каита (Жапония) сыйлықтың лауреаты атанды.

Өткен жылы Физика бойынша Нобель сыйлығы түрлі-түсті жарық диодтары үшін берілген еді. Сыйлыққа Исама Акасака, Хироши Амано және Шуджи Накамура ие болды. Оларға қуатүнемдегіш әрі қоршаған ортаға зиянсыз көгілдір жарықдиодты шамдар жасағаны үшін алғыс айтылды. Марапаттау шарасы әдеттегідей желтоқсанда өтеді. 

Еске сала кетейік, 5 қазанда медицина бойынша Нобель сыйлығы безгекпен және паразиттермен күрес үшін берілген еді. Вильям Кэмбелл (William C. Campbell) мен жапон Сатоси Омура (Satoshi Ōmura) паразиттермен күрес саласындағы жаңалығы үшін және қытайлық Юю Ту (Youyou Tu) безгекпен күрес саласындағы жаңалығы үшін 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Кэмбелл мен Омура жүлденің жартысын алады, ал қалған жартысы Туға бұйырады. Оның еңбегінің арқасында бұл дерттен болатын өлім жағдайларын 20 пайызға азайғаны айтылып отыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай