27 шілде 2021 09:16

"Хаббл" телескопы үш галактиканы суретке түсірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: NASA Фото: NASA

Жақында зерттеу жұмысын қайта бастаған "Хаббл" телескопы ғарышта өзара әрекеттесетін үш галактиканы суретке түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі обсерватория сайтына сілтеме жасап.


Жақында зерттеу жұмысын қайта бастаған "Хаббл" телескопы ғарышта өзара әрекеттесетін үш галактиканы суретке түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі обсерватория сайтына сілтеме жасап.

Телескоп өзара әрекеттесетін галактикалар арасындағы үш жақты гравитациялық тартылыс күшін түсірген. Жүйе Arp 195 деп аталады және пекулярлық галактикалар атласына кіреді.

Esahubble

Пекулярлық галактиканың ерекшеліктері бар. Оны қолданыстағы морфологиялық сыныптарға жатқызуға болмайды.

Үш галактикадан құралған ерекше құрылым Arp 195 жүйесінің каталогқа кіруіне мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, пекулярлық галактикалар атласына 338 нысан енгізілген.

Айта кетейік, маусымда телескоп бір аптадан аса уақыт бойы "қауіпсіз режимде" жүрді. Компьютердегі жүктеменің бұзылуына байланысты екі жүйені қайта іске қосу сәтсіз аяқталды. Барлық қажетті техникалық жұмыс орындалғаннан кейін резерв компьютер қосылд. Ғылыми бақылаулар 17 шілдеде қайта басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети