10 наурыз 2016 11:15

Жапон ғалымдары көз торы мен бұршағын бағаналық жасушадан өсіріп шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pinger.pl © Pinger.pl

Жапонияда ғалымдардың зерттеу тобы бағаналық жасушадан алғаш рет көз торы мен көз бұршағын өсіріп шығарды, - деп хабарлайды Japan Today. Осаки университетінің ғалымдары қоян көзінің қасаң қабығына эпителиалды жасушаны енгізіп те көрген.

Зерттеу жұмыстары профессор Нисида Кодзидің бастамасымен жүргізілді. Тәжірибе жұмыстары жүргізілген бір ай ішінде ғалымдар жүйке жасушаларынан, оптикалық везикула мен эпителиалды жасушадан тұратын қатпарлы ұлпа өсіріп шығарған. Жапон ғалымдарының жаңа тәжірибесі көз ауруына шалдыққандардың емделуіне септігін тигізеді. Адамның жасушасынан өсірілген мұндай ұлпаларды адамға орнату кезінде ағзаға ешқандай қауіп төнбейді. Дегенмен бұл технологияны адамға қолдану үшін әлі біраз уақыт керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети