Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жер жойылып кетудің жаңа кезеңіне өтті - ғалымдар

20 Маусым 2015, 12:00
3
©Megashara.com
©Megashara.com

Жер жойылып кетудің жаңа кезеңіне өтті, - деп хабарлайды BBC Russian. Бұл туралы үш америкалық университеттің өткізген зерттеуінде айтылады.

Ғалымдардың пікірінше, тіршілік атаулылардың ішінде ең бірінші болып адамзат жойылуы мүмкін. Қазірдің өзінде зерттеушілер адамдардың жер бетінен рекордтық көрсеткішпен жойылып жатқанын мәлімдеп отыр. Олар тіршілік түрлерінің жаппай жоғалып кетуінің алтыншы кезеңі жайлы айтып отыр. Бұған дейінгі кезең шамамен 65 миллион жыл бұрын, Жер бетінде динозаврлардың барлық популяциясының жоғалып кеткен кезінде аяқталған. 

Осыған дейін ағылшынның танымал физик-теоретигі Стивен Хокинг адамдардың таяудағы 1000 жылда Жер бетін тастап, ғарыштан басқа мекен ететін орын таппаса жойылып кетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Мұндай болжамды ғалым Сиднейдегі опера театрында өткізген дәрісінде мәлімдеген еді. Сонымен қатар, зерттеуші уақыттың, жер жүзінің және ондағы қара тесіктердің мәселесін көтерген. Дәрісінің соңында 73 жастағы Хокинг тыңдармандарына "аяқ астына емес, жұлдыздарға қарау керек" екенін айтты. "Көргеннің бәрін түсінуге тырысыңыздар, Жер жүзінің қалай пайда болғанын, себебін білуге тырысыңыздар. Қызығушылық танытыңыздар және өмір қандай қиын болып көрінсе де, сәттілікке жететін мүмкіндіктің бар екенін есте ұстаңыздар", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай