Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қарағанды облысының әкімі "Білімал" жүйесін сынады

26 Тамыз 2014, 20:46
0
Қарғанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков
Қарғанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков  "Білімал" жүйесін сынға алды - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  Айта кетейік, "Білімал" жобасы аталмыш облысты 2010 жылдан бастап жұмыс істеуде.

"Білімал" жобасы жүйелі мониторингті басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге және оны жүргізуге жаңа тәсілдерді іске асыруға мүмкіндік береді, алайда порталдың рейтингісі өте төмен. Бір күнде тіпті "Білімалға" 100 адам да  кірмейді", - деп атап өтті облыс әкімі білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі кезінде сөйлеген сөзінде.

Ол осы мәселеге айрықша тоқтала келе, білім беру басшыларына, қала мен аудан әкімдеріне "Білімалды"  жетілдіруді тапсырды.

"Білімал" - оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың керек серігіне айналуы тиіс. Сонда ғана оның мәртебесі артады", - деді облыс әкімі.

Қарағанды облысы - "Білімал" жүйесін енгізгендердің алғашқыларының бірі. Соған қарамастан бағдарлама жұмысы кенжелеп тұр. Портал - статистикалық дерекқордың шашыраңқы электрондық базасын бірыңғай білім беру қорына біріктіру үшін аса қажет. Құзырлы саланың мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін электрондық деректер қорына қаланың 79 мектебінен 5000 мұғалім мен 51 мың оқушы туралы ақпарат енгізілген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай