26 желтоқсан 2017 16:59

Қай жаста білім алу нәтижелі болатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © pixabay.com Иллюстрациялық сурет. © pixabay.com

Адам 17 және 20 жас аралығында ересектеу немесе балалық шаққа қарағанда ақпаратты жеңіл қабылдайды. Бұл туралы зерттеу Nature Communications басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Риа Новости


Адам 17 және 20 жас аралығында ересектеу немесе балалық шаққа қарағанда ақпаратты жеңіл қабылдайды. Бұл туралы зерттеу Nature Communications басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Риа Новости

Ғалымдардың мәліметінше, білім алуда мидың теңбіліндегі дорсолатериалды бөлігі маңызды рөл атқарады. Мұның алдында мидың бұл құрылымындағы жас ерекшелігіне байланысты белсенділігі зерттелмеген болатын. 

Лейден университетінің мамандары өткізген тәжірибеге 8 бен 25 жас аралығындағы 232 адам қатысқан. Тапсырма бойынша, адам компьютердің көмегі арқылы логикалық жаттығуларды шешуі керек болған. 

Қатысушылардың миының сканері мидың теңбіл денесінің белсенділігі 17 мен 20 жас аралығындағы қатысушыларда шегіне жеткенін көрсеткен.

Ғалымдардың пікірінше, осы жаста адам ақпаратты өнімді қабылдайды екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети