04 маусым 2015 11:26

Қазақстанда тағы бір түлек ҰБТ-да 125 балл жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда тағы бір түлек ҰБТ-да 125 балл жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда тағы бір түлек ҰБТ-да 125 балл жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы ҰБТ-ның екінші ағымы 59 пукнтте өткізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш берген 19 329 түлектің 94 пайызы, яғни 18 177-сі қатысты. Орташа балл - 80,5. Өткен жылы бұл көрсеткіш 76,9 болған.

"100 балдан жоғары нәтижені 3 211 (17,7 пайыз) түлек алды. 2014 жылы 2 012 (11,6 пайыз) болған. Ал 125 балды бір оқушы алды - Астана мектеп-лицейінің түлегі Риана Еркінқызы Мұстафина. 50 балдық деңгейді 2 895 түлек (15,9 пайыз) тапсыра алмады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұл күні, яғни ҰБТ-ның екінші ағымы өткен 3 маусымда 7 түлектің қорытынды нәтижелері жойылды. Сонымен қатар, тыйым салынған 8 682 зат алынды, олардың ішінде 4 402 ұялы телефон, 4 036 шпаргалка, 153 калькуляторлар, 5 фотоаппарат, 3 рация, 3 гаджет, 1 блютуз, 28 Altel 4G, 43 модем, 5 құлаққап пен 3 смарт-сағат бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық Бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде тараздық түлек Гүлназ Ердосованың 125 балл жинағаны хабарланған болатын. Ең жоғарғы балл жинаған Гүлназ Жандосқызы Ердосова - Тараздағы № 45 қазақ класикалық гимназиясының түлегі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети