10 шілде 2015 10:35

Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың ережелері өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Info-tses.kz ©Info-tses.kz

Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың ережелері өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап.


Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың ережелері өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

Жаңа қағидаларға сәйкес, тестілеуде талапкерлер таңдай алатын пәндердің тізімі кеңейді. Әскери оқу орындарына түсу үшін (таңдалатын әскери мамандыққа қарамастан) физика, география, химия, биология және дүниежүзі тарихы пәндері белгіленді.

Сонымен қатар, оқуға түсу үшін құжаттарды ресімдеу рәсімінің қысқарғаны хабарланып отыр. "Сондай-ақ оларды қабылдау мерзімі ұзарды. Атап айтқанда, ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындары мен Кадет корпусына 20 шілдеге дейін, республикалық әскери мектептерге 15 тамызға дейін құжаттар қабылданады.  Әскери оқу орындарына алу 21 тамызға дейін жүргізіледі. Одан басқа, енді талапкерлердің ТКТ сертификаттарын ұсынбай-ақ жергілікті әскери басқару органдарында (әскери комиссариаттарда) медициналық куәландырудан өтулеріне мүмкіндіктері бар", - делінген хабарламада. 

Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын үш әскери жоғары оқу орны іске қосылған. Ол Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты.

Өткен екі жыл ішінде мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған орта және орта арнаулы оқу орындарының 1 144 бітірушісі оқуға түсті. Қазіргі кезде Қазақстанның үш әскери білім ошағы жаңа курсанттарды қабылдауға дайын.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети