02 сәуір 2016 12:33

ҚР білім және ғылым министрі елімізде гранттарға қатысты қандай өзгерістердің болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© neftegaz.kz © neftegaz.kz

Қазақстанда гранттар ваучерлерге ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу барысында айтты.


Қазақстанда гранттар ваучерлерге ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу барысында айтты.

"Гранттарға қатысты айтатын болсақ, бұл мәселе өткен аптада талқыланды. Ұлттық, мемлекеттік, жекеменшік жоғары оқу орындарының ректорлары болды. Барлығы гранттардың бірыңғай болуына келісіп отыр десе де болады. Сонымен қатар, олар бұл енгізілетін болса, 2017 жылдан бастап енгізілгенін қалап отыр. Жалпы, бұл орынды. Ректорлардың басым бөлігінің көзқарасы бойынша, гранттардың бұдан әрі дамуы грузиндік модель бағытында жүруі тиіс, оларда гранттар ваучерлерге айналған", - деді Сағадиев.

Ол мұның не екенін түсіндіріп берді. "Яғни, мемлекет ваучер береді және студент сол ваучермен кез келген жоғары оқу орнына бара алады, егер ол оқу орны ваучердің құнынан қымбат болса, ол өзі қосымша ақы төлей алады. Егер студент оқу орны үшін аса қажет болса, яғни ол олимпиадалардың жеңімпазы, өте дарынды немесе ас қамтылған отбасынан болса, онда мемлекет немесе жоғары оқу орны көмектесе алады, яғни бүкіл әлемдегідей өз гранттарын бөлу арқылы", - деді министр.

Оның айтуынша, бұл модель толық жетілдіріліп, бірлестіктерге айтылған соң қарауға жіберіледі.

Сонымен қатар, кездесу барысында ректорлар жоғары оқу орындарының автономиясы жөнінде сөз сөйледі. Бұған министр өз ойын айтып, алдағы уақытта әр жоғары оқу орнының өз үлгісіндегі дипломын бере бастайтынын мәлімдеді.

"Өздеріңіз білетіндей, біз мұны біртіндеп төрт жыл ішінде енгізуді ұйғардық. Ол мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруді қысқарту арқылы енгізілетін болады, осыдан кейін, яғни дағдылануға берілген өтпелі кезең - 2021 жылға дейін жоғары оқу орындары өз араларында қатаң бәсекелестік тәртібінде болып, өз үлгілері бойынша дипломдарын бере бастайды. Тиісінше, төрт жылдың ішінде университеттердің ішінде біртіндеп академиялық еркіндікті ырықтандыру жүреді, ол академиялық еркіндік аккредиттеуші халықаралық ұйымдардың тарапынан бақыланады. Бұл жүйенің барлығы жалпы ойластырылып қойды. Біз баяндағандай, оның кей тұстары бекітілді", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети