27 қазан 2014 09:35

Күшіктің көлеміндей болатын өрмекші табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құсжегі-голиаф аталатын алып өрмекші. ©Piotr Naskrecki/Minden Pictures Құсжегі-голиаф аталатын алып өрмекші. ©Piotr Naskrecki/Minden Pictures

Арахнолог ғалым Петр Наскрецки Оңтүстік Американың Суринама тропикалық орманында күшіктің көлеміндей болатын алып өрмекші тауып алды, - деп жазады Mirror.


Арахнолог ғалым Петр Наскрецки Оңтүстік Американың Суринама тропикалық орманында күшіктің көлеміндей болатын алып өрмекші тауып алды, - деп жазады Mirror.

Зерттеушінің айтуынша, оны өрмекшінің көлемінен бұрын шығарған дыбысы таңғалдырған. "Ол қозғалған кезде аяқтары жылқы тұяқтары сияқты тықылдаған дыбыс шығарды", - деп жазды Наскрецки өз блогында.

Бұл құсжегі-голиаф (Theraphosa blondi) болып шықты, ол - әлемдегі ең үлкен өрмекші. Оның бунақаяғының адымы сәбидің құлашындай болады, салмағы 180 грамнан асады. Өрмекші азуымен адамның терісімен оңбай тістей алады. Наскрецкидің айтуынша, оның бір азу тісінің ұзындығы 5 сантиметрге жуықтайды.

Дегенмен құсжегі тістегеннен адам өлмейді. Аты құсжегі болғанымен бұл жәндік құстарға шабуылдамайды, ол шыбын-шіркеймен, қоңыздармен, бақа-шаянмен, жылан-кесірткемен, балықтармен және ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети