22 қараша 2016 12:34

Маңғыстауда ортағасырлық алтын қазына табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Табылған алтын монеталар Табылған алтын монеталар

Маңғыстау облысының тұрғыны осы күзде қазына тауып алған болатын. Табылған заттар арасында XII ғасыр аяғы мен XIII асыр басындағы алтын монеталар бар, - деп жазады "Лада".


Маңғыстау облысының тұрғыны осы күзде қазына тауып алған болатын. Табылған заттар арасында XII ғасыр аяғы мен XIII асыр басындағы алтын монеталар бар, - деп жазады "Лада".

Археолог Андрей Астафьев алтын тиындар Маңғыстауда құйылған деп болжайды. Ал ғалым Павел Петров олардың Хорезмшахтардың Ануштегин әулетінен шыққан Ала ад-Дин Текеш пен Мұхаммед ибн Текеш билік жүргізген уақытына жататынын анықтады.

Қазына табылған орынды аймақтық археолог Андрей Астафьев қарап шыққанан кейін бұл жерде бұрындары белгісіз болған сауда орталығы болған деген шешім айтылды.

"Мұндай қазына екінші рет табылып отыр. Алғаш табылған алтын тиындарды зерттеуде қателік кетіп, олардың жартысы жалған және Өзбекстан аумағында құйылған делінген болатын. Алтын ақшаны құю орыны жазбаларда бірнеше рет айтылатын Маңғыстау шаһары болуы мүмкін. Бұл шаһардың орта ғасырларда тәуелсіз саяси және экономикалық дәрежесі болғандығын көрсетеді", - дейді Андрей Астафьев.

Павел Петровтың сарапшы ретіндегі шешімі бойынша, әлемнің бірде бір мұражайында бір жерден шыққан осындай кешенді монеталар жоқ. Ғалым мұны Қазақстанның ұлттық игілігі деп атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети