21 желтоқсан 2017 11:08

Мас ерлердің әйелдерге көп сұқтануы немен аяқталарына зерттеу жүргізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © unsplash.com Иллюстрациялық сурет. © unsplash.com

Ішіп алған ер адамдар әйелдерді жыныстық қатынас серігі ретінде ғана қабылдайды. Небраска-Линкольн университеті ғалымдарының зерттеуі MedicalXpress басылымында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости


Ішіп алған ер адамдар әйелдерді жыныстық қатынас серігі ретінде ғана қабылдайды. Небраска-Линкольн университеті ғалымдарының зерттеуі MedicalXpress басылымында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Зерттеуге 20 мен 30 жас аралығындағы 50 ер адам қатысты. Олар екі топқа бөлініп, алғашқысы алкогольді коктейлдер, ал екіншісі плацебо (ішімдік деп берілген алкогольсіз сусын) ішеді. Осыдан кейін оларға сәнді киімдегі әйелдердің суретін көрсеткен. Ер адамдар әйлдердің тартымдылғын бағалап, психологиялық сипаттама жасау керек еді. Ал оларды мамандар сырттай арнайы камера арқылы бақылап отырды. 

Бақылау кезінде алкогольді ішімдік ішкендердің әйелдердің жүзінен гөрі, кеудесі мен бөксесіне көп көз салғаны байқалған. Масайраған топ мүшелері "тартымды" және "өзіне сенімсіз" деп сипатталған әйелдердің суретіне тіптен ұзақ қараған. 

Ал "өзіне сенімі бар" және "жылы шырайлы" деп суреттелген әйелдерге мас емес ерлер көбірек назар салып, олардың жүзі зерттеумен болған. Ішімдікке мас болғандар керісінше, "өзіне сенімді" әйелдерге назарын тоқтатпаған. 

"Әйелдерге осылай жымысқы оймен қарай дегуманизацияға алып келеді, ал мұның арты сексуалдық зорлық пен жыныстық дискриминацияға алып келеді", - дейді зерттеушілердің бірі Абигайль Ример. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети