28 шілде 2016 18:47

Маскүнемдік пен үлгерімі үшін оқудан шығарылған студенттерден ақшаны мемлекетке қайтаруын талап ету ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© trinixy.ru © trinixy.ru

Үлгерімі төмен болғаны үшін және маскүнемдік үшін оқудан шығарылған студенттерге оларды оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке қайтару туралы ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үлгерімі төмен болғаны үшін және маскүнемдік үшін оқудан шығарылған студенттерге оларды оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке қайтару туралы ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есеп комитетінің отырысында бюджет қаражатының қолданысының тексеріс қорытындысы бойынша, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі орындарда 2015 жылға қаржыландыру барысында 366 студент үлгерімі төмендігіне байланысты оқудан шығарылған. Олардың оқуына жұмсалған қаражат 938,9 миллион теңге жұмсалған.

Есеп комитетінің мүшелері Білім және ғылым министрлігіне қазіргі уақытта оқудан шығарылған студенттердің оларға жұмсалған қаражаттың қайтарылуына қатысты ешқандай заң жоқтығын нұсқады.

"366 адам академиялық қарыздары бар, ішкі тәртіпті бұзғаны үшін, бұзақылық, үлгерімі төмен немесе өз қалауымен оқудан шыққан. Оларды оқытуға миллиардқа жуық теңге кеткен. Ол бір жылдың ішінде. Менде бір ұсыныс бар, қандай да бір қайтарым жасау, "Болашақ" секілді бір ережелер енгізу керек. Сізге қанша уақыт керек?", - деп сұрады Білім және ғылым министрлігі өкілдерінен Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

"Оқудан шығарылған студенттердің қайтарымы?", - деп нақтылап сұрады ҚР БҒМ-нен келген Дархан Ахмед-Зәки.

"Оқудан шығарылғандар", - деп қайталады Жаңбыршин.

"Менің ойымша, мұндайды жақын уақытта істеу мүмкін емес...", - деп жауап бере бастағанда Есептеу комитетінің басшысы тоқтатып тастады. 

"Жоқ, күте тұрыңыз. Мұны не мен, не сіз шешпейміз. Мұндай механизмді жасау керектігіне ешбір дұрыс ойлаушы адам қарсы болмас. Адамның оқуы үшін қаражат жұмсалды, ол академиялық қарыздары үшін, ішкі тәртіпті бұзғаны үшін, бұзақылығы үшін, үлгерімі төмен немесе өз қалауымен оқудан шыққаны үшін, маскүнемдікке салынғаны үшін - оны оқудан шығарды. Менің ойымша қандай да бір қайтарымның механизмі болуы тиіс, "болмайды" дегенді қалай түсінеміз?", - деп қайталады сұрағын Жаңбыршин.

"Біз осы сұрақ бойынша ойланамыз", - деп келісті білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети