Нұр-Сұлтанда жылдың үздік тәрбиешісі анықталды

21 Мамыр, 12:21
0
© astana.gov.kz
© astana.gov.kz

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында "Үздік педагог - 2019" республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі  Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конкурс рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген шығармашыл, дарынды педагогтарды анықтау үшін өткізіліп келеді.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен сегіз қатысушы қазылар алқасына "Менің педагогикалық ұстанымым" атты презентация ұсынды, сондай-ақ педагогикалық жағдайды шешу жолдарын тапты.

Байқау қорытындысына сәйкес, бас жүлдені №8 "Думан" балабақшасының тәрбиешісі Әсия Жұмағұлова алды. Бірінші орынды №81 "Әсемгүл" балабақшасының тәрбиешісі Жанагүл Аймуханова, екінші орынды №11 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі Аманжол Нағашыбай иеленді. Үшінші орынға №33 балабақша тәрбиешісі Салтанат Аршкенова ие болды.

Сонымен қатар, "Зерттеуші педагог" номинациясы бойынша №28 "Жұлдыз" ясли-бақшасының тәрбиешісі Элмира Ратқул, №46 "Самал" ясли-бақшасының тәрбиешісі Роза Таласова "Жаңашыл педагог", №47 "Ақ желкен" ясли-бақшасының тәрбиешісі Ләззат Базарова, №85 "Мейіржан" ясли-бақшасының тәрбиешісі Гүлмира Абенова "Эрудит-педагог" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім басқармасының дипломдар, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақылар табысталды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай