06 мамыр 2016 10:36

Павлодарлық оқушы қыз Мәскеуде математикадан өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Нәжімеден енді ҰБТ-дан босатылды Аружан Нәжімеден енді ҰБТ-дан босатылды

Павлодарлық мектеп оқушысы математикадан Мәскеуде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті "Ертіс дарыны" оқу-әдістемелік орталығына сілтеме жасап.


Павлодарлық мектеп оқушысы математикадан Мәскеуде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті "Ертіс дарыны" оқу-әдістемелік орталығына сілтеме жасап.

Аружан Нәжімеден халықаралық "Математика және жобалау" ғылыми байқауында "Maтематика әлемі" аталымы бойынша жеңіп, алтын медальді иеленді. Қазақ-түрік лицейінің оныншы сынып оқушысы қазылар алқасына өзінің жай сандарды іздеуге арналған формуласымен таныстырды. Оқушының айтуынша, бұл ғылыми жобаны ол осыдан бір жыл бұрын бастаған екен.

"Жай сандардың жалпы түрі болмайды. Мен өзімнің жұмысымда сандардың жүйелілігін тапқым келді. Жай сандардың көбейтіндісіне бірліктерді қосып, соның ішінен жүз белгіден тұратын санды таптым. Сонымен қатар, мен тапқан сан жай сандардың қатарына кіреді",- деді Аружан Нәжімеден.

Павлодарлық оқушыға басқа қатысушылармен бәсекелесу оңайға түспеді. "Бұл жылы байқаудың шарттары қатаң болды. Іріктеуге мыңнан аса оқушы қатысып, екі жүз оқушы ғана байқауға жіберілді. Мен жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. Бірақ мен еңбегімнің ақталғанын көріп отырмын", - деді оқушы.

Павлодарлық оқушының жұмысы ғалымдарға қолданбалы математиканы зерттеуде қажет болуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның құндылығы - автордың өз бетімен еңбектеніп, осы нәтижеге жетуі.
Айта кетейік, байқауға қатысқан лицей оқушысы енді ҰБТ тапсырудан босатылады.

Еске салайық, X Халықаралық "Математика және жобалау" ғылыми байқауы Мәскеуде 30 сәуір мен 4 мамыр аралығынды өткен болатын. Байқауға Ресей, Болгария, Беларусь, Қазақстан елдерінен 250 оқушы қатысты. Павлодар қаласынан алты оқушы қатысып, олардың екеуі Әутәліп Хасенов пен Адина Алдабергенова байқаудын дипломанты атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети