25 ақпан 2014 | 21:07

Үлкен жарылыс теориясына балама табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альберт Эйнштейн. ©РИА Новости Альберт Эйнштейн. ©РИА Новости

Ғалымдар Альберт Эйнштейннің бұрын жарияланбаған мақаласынан әлем мойындаған үлкен жарылыс теориясына балама болуға тұрарлықтай идеяның барын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиға сілтеме жасап. Эйнштейн бұл еңбегін шамамен 1931 жылы жазғанына қарағанда, ол бұл идеяға көңілін ертеректе аударғанын аңғаруға болатындай. Эйнштейннің қолжазбасының түпнұсқасы қазіргі уақытта Иерусалимдегі Еврей университетінде сақтаулы тұр. Ал оның сканирден өткізілген нұсқасы қалың көпшілікке қолжетімді жерге қойылған. Ал бұған дейін қолданыста болған Үлкен жарылыс теориясында келтірілген мәліметте, біз тұрып жатқан Ғаламшар осыдан 13,7 миллиард жыл бұрын пайда болғаны, содан арада миллиондаған жылдар өте келе бастапқы тығыз, әрі лаулап жанған жағдайын өзгертіп, қазіргі қалыпқа түскендігі болжанған. Бұл теорияны 1920 жылдары жан-жақты зерттеген америкалық астроном Эдвин Хаббл, уақыт өткен сайын ғаламшардағы басқа галактикалар бізден алыстай бастағанын жазған. Ескі Үлкен жарылыс теориясында біршама қателіктің барын Уотерфорд (Ирландия) технологиялық университетінің ғалымы Кормак О'Раферти мен оның әріптестері байқаған. Сондықтан олар Эйнштейн қолжазбасының сараптамасы мен аудармасын Корнелл университетінің электронды кітапханасында жариялады. Ғаламшар стационарының баламалы теориясымен өткен ғасырдың 40-жылдары британдық астрофизик Фред Хойл айналысқан екен. Оның болжауынша, Ғаламшардың үлкею барысының бастауы жоқ, ол мәңгі болған және онда тіршілік етушілер тек кезең-кезеңімен ауысып қана тұрғанын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети