19 мамыр 2022 16:10

Зымыран ұшса, ауа райы бұзылатыны рас па? Ғалым түсіндірді

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар климатқа әсер ете ме? Бұл туралы қандай зерттеулер жүргізілді? Tengrinews.kz тілшісіне Халықаралық экология академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығының бұрынғы бас директоры Жайлаубай Жұбатов жауап берді. 


Ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар климатқа әсер ете ме? Бұл туралы қандай зерттеулер жүргізілді? Tengrinews.kz тілшісіне Халықаралық экология академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығының бұрынғы бас директоры Жайлаубай Жұбатов жауап берді. 

Ғалымның сөзінше, 2000 жылдың басында "Қазгидрамет" РМК мен "Росгидрамет" федералды қызметі бірлесіп, зымырандардың ауа райына әсері туралы кешенді зерттеу жұмысын жүргізген. 

"Сол кездері "Байқоңырда" өте көп зымыран ұшты және бұл зерттеуіміздің қорытындысын шығаруға сеп болды. Біз ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандардың ауа райының құбылуына қатысы жоғын анықтадық. Яғни екеуі бір-бірімен байланысты құбылыс болмай шықты. Бүгінде ұшқан зымыранның климатқа еш әсері жоқ екені бүкіл әлемде мойындалды. Сондықтан біздің кесіп айтатын жөніміз бар", - дейді ол.

Жұбатов ғарыш айлағына жақын орналасқан елді мекендерде ауа райы жиі бұзылады деген пікірге түсініктеме берді.

"Иә, дәл зымыран ұшқан күні жаңбыр жауып, жел тұрып ауа райы бұзылған фактілер де бар. Дегенмен, мұны тек сәйкестік деп қарастырған жөн. Ғарыш саласындағы математиктер бұл ақпаратты растап қойған", - дейді академик. 

Жайлаубай Жұбатов күннің зиян ультракүлгін сәулелерінен қорғауға көмектесетін озон қабатындағы өзгерістер мен ауа райының бұзылуын ажырата білу маңызды екенін жеткізді. 

"Стратосферада зымырандардың кейбір бөлшектері түседі, бірақ мұның жердегі климатпен байланысы жоқ. Ғарышқа ұшырылатын зымырандар тек озон қабатына әсер етуі мүмкін. Алайда, бүгінге дейін ғарыш сапарлары стратосфераға зиян келтірген жоқ. Неге десеңіз, ғарышқа көп ұшып жатқан жоқпыз. Егер ғарышқа зымырандар шектен тыс ұшатын болса, дабыл қағуға болады, бірақ бұл күнделікті қадағалауда болатын мәселе екенін білдіргім келеді. Сондықтан зымырандардың ұшуы атмосфераға қалай әсер ететінін әрдайым қосымша зерттеу керек", - деді ол.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети