21 мамыр 2021 16:09

"18 минут қозғалмай тұрды". Анджелина Джоли ара үйірімен суретке түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/angelinajolie_offiicial Фото:instagram.com/angelinajolie_offiicial

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли ара үйірімен суретке түсті, бұл арқылы олардың жоғалу мәселесіне назар аудартпақ болған, - деп хабарлайды Daily Mail.


Голливуд актрисасы Анджелина Джоли ара үйірімен суретке түсті, бұл арқылы олардың жоғалу мәселесіне назар аудартпақ болған, - деп хабарлайды Daily Mail.

Актриса National Geographic журналында денесіне ара үйірін қондырып, суретке түсті. Түсірілім Дүниежүзілік аралар күніне орайластырылған. Анджелина бұл әрекетімен аралар мәселесін көтерген, өйткені БҰҰ-ның мәліметінше, бүкіл дүние жүзінде аралардың жойылып кету қаупі бар. Суретті омарташы фотограф Дэн Уинтерс түсірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от National Geographic (@natgeo)

Ұйымдастырушының айтуынша, фотосессия сәтті өтті, аралар ешкімді шақпаған. Актрисаның денесіне арнайы феромондар жағылды, бұл аралардың дұрыс бағытта қозғалуына көмектескен.

"Алаңда Анжелинадан басқасының бәрі қорғаныш костюмін киді. Алаң өте тыныш және қараңғы болды, сондықтан аралар ештеңеге алаңдамады. Үстіне аралар қонған Анжелина 18 минут бойы мүлдем қозғалмай тұрды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кейінгі онжылдықта ара популяциясы айтарлықтай азайып барады. Салдарынан адамзатқа аштық қаупі төнуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети