2RAR ең үздік хиттерін Máńgilik El Daýysy шоуында орындайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазанның ең басты шарасы - Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуына екі аптадан аз уақыт қалды! Жобаға қатысушылардың бірі - әнші 2RAR (Тұрар Ыдырыс).

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазанның ең басты шарасы - Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуына екі аптадан аз уақыт қалды! Жобаға қатысушылардың бірі - әнші 2RAR (Тұрар Ыдырыс).

Әншімен бірге ел болып 25 қазанда Астанада сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында ән айтуға болады. Шоу Астана әкімдігінің қолдауымен Республика күніне орай өтеді, ақпараттық серіктес - Alash Media Group холдингі. 

Билетті Ticketon.kz сайтында сатып алуға болады. 

 

"Баршаңызға сәлем! 25 қазанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Республика күніне орай өтетін Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуы өтеді. Баршаңызды сағат 19.00-де күтемін. Астана, кездескенше!", - дейді әнші. 

2RAR-мен бір сахнада ӘMІRE, Ayree, Нұржан Керменбаев, Yenlik және Қайрат Нұрстас өнер көрсетеді!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Turar Ydyrys (@2rar.official)

Биыл тыңдармандар талантты музыкант және композитор Әділжан Толықпаевтың жетекшілігімен Saz&Soul тобының музыкалық сүйемелдеуімен 100 пайыз live түрінде өтетін кештің куәсі болады. Сондай-ақ, көрермендер үшін жас талантты орындаушылар Сағын Өмірбайұлы мен Әйгерім Тілеубек өнер көрсетеді. Кеш атмосферасы АRTballet ұжымының орындауындағы авторлық би қойылымдарын және DJ Puza-ның бірегей жиынтығын жасауға көмектеседі. 

Көрермендер қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге шоудың толыққанды қатысушылары бола отырып, барша елге таныс және сүйікті әндерін орындай алады және өз елінің мәдениетіне қосыла алады. Қазақстанның үздік орындаушыларының хит әндерінің мәтіні арнайы LED-экрандарға шығарылатын болады.

Музыкаға деген махаббат достар, отбасы мен әртүрлі жастағы адамдардың басын қосып, мейірімділік пен сенім ұялатады!  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer