"All Давай" әншісі мен Анель Баталованың үйлену тойынан суреттер жария болды

02 Шілде 2017, 10:47
0
"All Давай" әншісі мен Анель Баталованың үйлену тойынан суреттер жария болды - © instagram.com/shokan_maratuly
© instagram.com/shokan_maratuly

"All Давай" әншісі Шоқан Маратұлы мен бизнесмен Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталованың үйлену тойынан суреттер жария болды. Суреттерді әнші Instagram желісінде жариялады. 

"Сәлем, достар! Тойдан кейін көп уақыт бойы ештеңе салмадым. Бұған уақыт жоқ. Отбасы өміріне үйреніп жатырмын. Сіздерге әзірше айтарым - отбасылық өмір - супер", - деп жазған әнші суреттерін жүктеді.


© instagram.com/shokan_maratuly

Шоқан Маратұлының айтуынша, ол қалыңдығы Анельмен жұмыста танысқан. Жастар жарты жыл уақыт кездескен. Осы уақыт аралығында жас жұбайлар өмір бойына бірге болуды қалайтындарын түсінген.

" Біз жұмыс бабында жүріп таныстық. Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Ол кезде мен ештеңе ойлаған жоқпын, өз жұмыстарыммен жүрдім. Бірақ оны алғаш рет көріп, сөйлескеннен кейін мен оның байсалдылығын, сөйлеу мәнерін, сұлулығын және ақылды екенін байқадым. Ол мені бірінші кездесуде-ақ жаулап алды. Кейін мен оған жұмыс бойынша бір кездесуі белгіледім. Сосын тағы да бірнеше рет кездестік, әр кездесу сайын оның расында да мен үшін ерекше қыз екенін және оны қайта-қайта көргім келетініне көзім жетті. Осылайша біз сөйлесе бастадық. Қуанышымызға орай, оның да мені ұнататынын түсіндім" , - дейді Шоқан Маратұлы.

Айта кетейік, қалыңдықтың жасы 23-те. Ол Алматыға жақында шетелден оқудан келген екен.

Еске сала кетейік, 14 сәуірде "All Давай" әншісі Шоқан Маратұлының Райымбек Баталовтың қызына үйленетіні жайлы хабарланған болатын. "Қарапайым қыз, шоу-бизнеске қатысы жоқ, әнші емес. Тойды Оразаға дейін, мамырдың соңында өткізгіміз келеді", - деген еді Шоқан Маратұлы. Ал кейін мамыр айында екеуінің тойы "Көк-Төбедегі" мейрамханада өтті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай