21 тамыз 2019 09:52

"Ақшамен тірлік бітіру деген жоқ!" - Айнұр Тұрсынбаева Мәскеуге оқуға түсті

© instagram.com/aidyn_nury © instagram.com/aidyn_nury

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Мәскеудегі оқу орнының магистранты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Мәскеудегі оқу орнының магистранты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақын Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Ал құттықтап қойыңыздар. Бүгіннен бастап Москва психоанализ институтының магистр-студентімін. Бұл жерде менің атақ-абыройыма қарамайды, ақшамен тірлік бітіру деген жоқ!", - дейді айтыскер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ал құттықтап қойыңыздар.. Бүгіннен бастап Москва психоанализ институтының магистр-студентімін.. Бұл жерде менің атақ-абыройыма қарамайды, ақшамен тірлік бітіру деген жоқ..! Онлайн оқып отырып ай сайын есеп беріп отыратын боламын.. Менікі сырттай оқу.. Бағытым коучинг және жеке консультация..! Отбасылық тақырыптарды қосымша сабақ ретінде оқимын.. Бұйырса сіздердің игіліктеріңіз үшін еңбек ететін боламын.. @tmcedu ????

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Ақынның айтуынша, ол сырттай оқиды. Сабақты онлайн оқып отырып, ай сайын есеп беріп отырады екен. Бағыты - коучинг және жеке консультация.

"Отбасылық тақырыптарды қосымша сабақ ретінде оқимын. Бұйырса сіздердің игіліктеріңіз үшін еңбек ететін боламын", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаева айтыста алғаш рет 1991 жылы Қайрат Рысқұлбековке арналған облысаралық ақындар сайысында көзге түскен. Кейін Төле бидің 330 жылдық мерейтойында екінші орынды жеңіп алған. 1994 жылы Семейде өткен қазақтың ұлы ақыны Абайға арналған мектеп оқушыларының айтысында бас жүлдені иеленді. Ал Абайдың 150 жылдық мерейтойында өткен республикалық ақындар айтысында жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Сондай-ақ, ол Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына арналған ақындардың республикалық айтысында 2-орынды иеленген. Бұған дейін барлығы 34 көлік ұтқан. 


© instagram.com/aidyn_nury

Айнұр Тұрсынбаева соңғы уақыттарда айтыстан бөлек табыс көзін тапқан. Қазір ол көбіне адамдар үшін әлеуметтік желіде психологиялық тренингтер өткізеді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети