16 қазан 2016 12:09

"Атырау аруы-2016" байқауын 21 жастағы студент қыз жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақкүміс Елемесова © zhasatyrau.kz Ақкүміс Елемесова © zhasatyrau.kz

Атырауда өңірлік "Атырау аруы-2016" байқауының шешуші кезеңі өтті. Мұнайлы астананың ең әдемі қызы және 400 мың теңге үшін 20 қатысушы бақтарын сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда өңірлік "Атырау аруы-2016" байқауының шешуші кезеңі өтті. Мұнайлы астананың ең әдемі қызы және 400 мың теңге үшін 20 қатысушы бақтарын сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқауды Vero Modelz сән агенттігі облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырды. Кастингке рекордтық мөлшерде қатысушы келді - 60, алайда финалға тек 20  ғана өтті. Бірінші рет байқауға Атырау тұрғыны 15 жастағы қыз қатысты. Атырау аруы байқауына қатысушыларының орташа жас мөлшері 18-ді құрады.

Әділ қазылар алқасы, жергілікті сәнгерлер, кәсіпкерлер мен журналисттер, қорытындылай келе, барлық қатысушының ішінен Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 21 жастағы студенті Ақкүміс Елемесованы жеңімпаз деп таныды. Ең қызықты болған жәйт, осы байқауда бас жүлдені алған адамға әкімдіктен тағайындалған 200 мың теңгеге жергілікті бір меценат тағы 200 мың теңге қосты. Соңында Ақкүміс үйіне тәж бен 400 мың теңгенмен қайтты. "Мен не айтарымды білмеймін. Менің ойымша, әділ қазылар дұрыс шешім қабылдады. Бұл менің бірінші рет қатысуым осындай байқауға", - деді Ақкүміс

Бірінші вице-ару атағын 18 жастағы Самал Еспусинова алды. Екінші вице-ару жүлдесін 17 жастағы Айман Назенгалиева иеленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети