19 тамыз 2019 12:18

Белгілі кәсіпкер қыз ұзататын әншілерді сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыз ұзату дәстүрі сәті. © "Еуразия бірінші арнасы" кадры Қыз ұзату дәстүрі сәті. © "Еуразия бірінші арнасы" кадры

Белгілі кәсіпкер қыз ұзату тойында сыңсу айтатын әншілерді сынға алды. Бұл күнде "жұлдыз" санатына енгендер қомақты қаражатқа бірде қыз ұзатып, енді бірде тұсау кесіп жүр екен. Анығында мұндай ырым-жоралғыларды кім өткізуі керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Белгілі кәсіпкер қыз ұзату тойында сыңсу айтатын әншілерді сынға алды. Бұл күнде "жұлдыз" санатына енгендер қомақты қаражатқа бірде қыз ұзатып, енді бірде тұсау кесіп жүр екен. Анығында мұндай ырым-жоралғыларды кім өткізуі керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қарақат Әбілдина, Роза Әлқожа, Жазира Байырбекова, Мәдина Сәдуақасова Салтанат Бақаева, Айкерім Қалаубаева, Меруерт Түсіпбаева тағысын тағы. Бұл тізім осылай кете береді. Еліміздегі қалтасы көтеретіндердің қызын ұзатуға барып жүргендердің алдыңғы шебінде осы өнерпаздар тұр.

Этнодизайнер Ырза Тұрсынзада "әншілердің сахнамен қатар тойдың да төрінен табылғанына қарсы емеспін, бірақ ырымға, салтқа араласуы дұрыс емес" деп кесіп айтты.

"Мен таңғаламын. 5-6 бала тапқан әртіс келеді де, басына сәукеле киіп сенің қызыңды ұзатып салады. Енді сол киелі киімді сіз жаңағы әртістердің, ар жағында не жатыр? Ажырасқаны бар, бір емес 2-3 рет жанұя құрғандар бар. Одан кейін 4 баланың тегін білмейтіндер бар. 4 баласының қайдан келгенін . Сол жұлдыздар келіп, сіздің қызыңызды жетелеп қолымен, сіздің әппақ, пәк қызығыңызды тағдырыдың талай тәлкеніге түскен, тағдырдың талай тасын асаған әншілер келеді де сіздің қызыңызды жетелеп шығады", - дейді Ырза Тұрсынзада.

Қолына домбырасын алып, аламанда шындықты шырқыратып тұрып айтататын ақындарымыз да той жағалап қыз ұзату бизнесіне бет бұрғанға ұқсайды. Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысовалар бұл сөзімізге куә. Жалпы, өнер қазанының қай құлағын ұстаса да, ұзатуға келгенде бәрінің бірдей қасығын ала жүгіруі жөн емес деген пікірлер қоғамда айтылып жатыр.

"Әнші болған адамның бәрі жарқын өмір сүреді, жолдары әрдайым ашық, олар халықтың қадірлісі деген ұғымнан туып жатыр негізі. Бұл жерде ең үлкен проблема отбасылық құндылықтарды, отбасында қадірлі ұлын ұялы қызын өияға қондырғандар аналардың жолы құндылық болмай, ахахау-ехехеумен жүрген әншілер шақырылып жатады. Мен өз басым оған қарсымын", - дейді қоғам белсендісі Айша Құрманғалиқызы.

Белгілі әнші Бағдат Сәмединова "той иелері кімді шақырса да өз еркі" деген пікірде. Егер қандай да бір әншіні отбасылық мерекесінен көргісі келсе, яғни сол кісіні құрметті деп тапқаны деп топшылайды.

"Негізі жеңгелері алып шығатын. Болмаса келіннің түсетін жағындағы жеңгелері не шығарып салатын жағындағы жеңгелері қолтығынан демеп шығарып салатын. Сыңсуды қыз айтатын. Енді қазіргі кезде бәрі өзгеріп, бәрі басқаша болып жатыр ғой енді. Дегенмен енді той иелері осылай шешсе өздерінің қалауы біледі. Бірақ, осыны кейінгі кезде көбі бизнеске айналдырып алған сияқты", - дейді Бағдат Сәмединова.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети