11 наурыз 2022 11:51

Белгісіз біреу концертте Қайрат Нұртастың мың долларлық көзілдірігін шешіп алған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың ән кешінде белгісіз біреу әншінің көзілдірігін шешіп алғаны көрсетілген видеолар тарады. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп көрді.


Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың ән кешінде белгісіз біреу әншінің көзілдірігін шешіп алғаны көрсетілген видеолар тарады. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп көрді.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас батыс өңірінде ән кешін өткізіп жүр. Әнші бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

"...ауа райының қолайсыздығана байланысты көлікпен шығуға тура келді. Ақтау бүгін кешке кездескенше", - деп жазды ол желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Дәл осы концерттердің бірінде белгісіз біреу әншінің көзілдірігін шешіп алған. Бұл кадр Instagram-дағы zello_aktobe.04 парақшасында жарияланған. Жазбаға түрлі пікір жазылған.

Жақында OLX-те сатады.

Жейдесін де шешіп алу керек еді.

Енді OLX-ке тәуір ақшаға шығарады.

Кроссовкасын алуға үлгермей қалды.

Көп ұзамай KN көзілдірігі деп сатылымға шығатын болар.

Қайрат шошып қалды-ау.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????? - ???????? ???? (@zello_aktobe.04)

Қайрат Нұртастың өкілі бұл оқиға Ақтөбедегі концертте болғанын айтты.

"Концерт Ақтөбеде болды. Халықтың ортасына фотоға түсуге шыққан. 1000 долларға алынған көзілдірік еді. Жағдай резонанс туғызды", - деді ол.

Оның айтуынша, ұрлаған адам қашып бара жатқан жерінен көзілдірікті қайтаруына тура келген.

"Қайтарып алдық. Бәрі жақсы. Қашып бара жатқан жерінен қайтарып алдық", - деді ол.

Ал белгісіз адамның мақсаты ұрлау болған ба деген сұраққа әншінің өкілі былай деп жауап берді:

"Иә. Ол жалғыз болған жоқ. Басқа ештеңе ұрланбады. Бәрі жақсы", - деді ол.

Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың арасында не болғанын айтып берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети