02 тамыз 2018 | 11:28

"Ешқандай Барселона Қазақстанға жетпейді екен". Айқын әлеуметтік желіде шағымданды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған сурет Видеодан алынған сурет

Қазақстандық әнші Айқынға Барселонада айыппұл салынды, сонымен қатар, оны шолақ шалбармен мейрамханаға кіргізбей қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орындаушы бұл шағымын видеоға жазып, Instagram-ға салды. 


Қазақстандық әнші Айқынға Барселонада айыппұл салынды, сонымен қатар, оны шолақ шалбармен мейрамханаға кіргізбей қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орындаушы бұл шағымын видеоға жазып, Instagram-ға салды. 

"Ешқандай Еуропа, ешқандай Барселона Қазақстанға жетпейді екен. Онда заң бөлек, өздері де басқаша. Кеше әдемі жерге көлігімді қойғанмын, таңертең қарасам 100 еуро айыппұл жазып кетіпті. Мейрамханаға баруды шештік. Мишленнің екі жұлдызы бар мейрамхана екен. Орын бос болмайтындықтан, кеше брондап қойдық. Мейрамханаға қысқа шалбармен барсам, мені кіргізбей қойды. Бірақ онда резеңке-шәркей, қысқа шорт киген қыздар кіріп жатты, неге мені кіргізбегенін түсінбедім. Бронға қалдырып кеткен 180 еуроны да қайтармады. Үйге оралғанша асыға күтіп жүрміз", - деп шағымданды әнші.

Сондай-ақ, Айқын Барселонадағы қызмет түрлерінің бағасын айтып өтті.

"Тұраққа 1 сағат үшін 1 500 теңге. Көлікті бір түнге тұраққа қалдырып кету - 12 000 теңге, көлікті тұраққа дұрыс емес қойып кетсең - 40 000 теңге айыппұл, дизель литрі - 400 теңге. Еуропада өмір сүру өте қымбат. Метромен немесе автобуспен қозғалу керек, бірақ барлық жерде қалың кезек. Одан гөрі круизде бірнеше күн болғаным артық еді", - деп жазды Айқын.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети