08 маусым 2022 09:41

"Жаңа кезең". Jah Khalib әке атанды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©jahkhalib Фото: ©jahkhalib

Қазақстандық танымал рэпер, музыкант, продюсер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) әке атанды. Бұл туралы әнші НТК телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал рэпер, музыкант, продюсер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) әке атанды. Бұл туралы әнші НТК телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Jah Khalib-тың тұңғышы - қыз. Музыканттың жары 2 мамырда Ыстамбұлда босанған. 

"Иә, Алланың қалауымен әке атандым. Бұл өмірімдегі жаңа кезең шығар", - дейді әнші.

Бахтияр Мамедов қызының атын құпия сақтауды жөн көрген. Алайда әншінің анасы Ләззат Мамедова жақында немерелі болғанын айтып, әншінің құпиясын бөлісіп қойған.

"Бұл - бақыт. Енді үш ханшайымым бар. Екеуі осы жерде. Үшіншісі - София. Екінші мамырда дүниеге келді", - дейді Ләззат Мамедова.

Айта кетейік, әншінің өзі 21 мамырда Алматыға ұшып келгенін айтты. Бұған дейін Jah Khalib Киевте қалып қойғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети