23 мамыр 2017 15:19

Қарақат Әбілдина қызына қандай есім берілгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/karakat_a © instagram.com/karakat_a

Танымал әнші Қарақат Әбілдина қызына қандай есім қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Танымал әнші Қарақат Әбілдина қызына қандай есім қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Instagram желісінде оқырмандарының біріне берген жауабында айтты. Сонымен, төрт ұлдан кейін дүниеге келген қызға Аяла деген есім беріліпті. Айтуынша, бұл есімді күйеуі, белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов қойыпты.

Айта кетейік, Аяла есімі, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, ең көп таралған қыз балалардың есімдерінің қатарына кіреді. 

Аяла есімі не білдіреді деген сұраққа келер болсақ, қазақ тілінде бұл есім аялау, еркелету, қорғау деген мағына білдіреді.

Еске салайық, 15 мамырда Қарақат Әбілдина қыз босанған. Кейін оны перзентханадан шығарып алуға жүзден аса адам жиналды. 


© instagram.com/karakat_a

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети