18 маусым 2014 17:51

Қайрат Түнтековтің есепшоттарына тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Түнтеков. ©Ярослав Радловский Қайрат Түнтеков. ©Ярослав Радловский

Әнші Қайрат Түнтековтың есепшоттары соттың шешімімен тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оған әншінің 2012 жылдың желтоқсанында жол-көлік оқиғасына ұшыраған қызға қарызын қайтармауы себеп.


Әнші Қайрат Түнтековтың есепшоттары соттың шешімімен тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оған әншінің 2012 жылдың желтоқсанында жол-көлік оқиғасына ұшыраған қызға қарызын қайтармауы себеп.

"Оған қарызды өз еркімен төлеуге мүмкіндік берілді, бірақ ол оны істемеді. Ақшаны төлемеу үшін, заңды күшіне баяғыда енген сот шешімін орындамау үшін неше түрлі сылтау айтып жүрді. Қайрат Түнтековтың атына рәсімделген көлік тұтқындалды", - деп хабарлады жол-көлік оқиғасына ұшыраған қыздың өкілі Зүбайда Асқарова. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қайрат Түнтеков жол-көлік оқиғасында келтірілген 30 мың доллар шығынның 25 мыңын төлеуі керек. "Қазір ол есепшотына салынған тыйымды алып тастауға әрекеттеніп жүр, бірақ қарыз өтелмейінше тыйым алынбайды. Ол кездесуге өзі келмейді, әкесі мен арт-директоры келеді. Енді ол мүлдем келмесе, оған іздеу жарияланады", - дейді Асқарова.

Еске салайық, Қайрат Түнтеков Нәзира Есенамановаға тиесілі Toyota Land Cruiser 100 көлігін зақымдаған болатын. Кейін сот жол-көлік оқиғасы кезінде Қайраттың жүргізуші куәлігі мен сенімхаты болмағанын анықтады, оған көлік жүргізу құқығынан екі жыл тоғыз айға айыру және 40 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Түнтеков қамаудан босатылғаннан кейін жәбірленушіге өтемақы төлеуге уәде берді, бірақ оны әлі күнге дейін орындамаған.

Көктемде тағы да сот болып, әншіден 4 млн 180 мың теңге өндіріп алуға қаулы шығарылды. Әншінің өзі ешқайда бой тасаламағанын, жәбірленушіге шығынды міндетті түрде өтейтінін мәлімдеді. Ол түскен қаржыны Есенамановаға беру үшін әдейілеп концерт те өткізді, ал оның әріптестері қаражат жинап берді. Бірақ Түнтеков жиналған ақшадан бас тартып, оны науқас сәбиге сыйлады. Биыл қаңтар айында Түнтековтің әкесі оның қарызын түгел өтеуге уәде берді.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети