25 наурыз 2017 12:06

Қазақстандық тоғыз жастағы әнші қыз ресейлік "Голос" бағдарламасына өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алина Сансызбай Алина Сансызбай

Қазақстандық тоғыз жастағы әнші қыз Алина Сансызбай ресейлік "Голос" бағдарламасына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық тоғыз жастағы әнші қыз Алина Сансызбай ресейлік "Голос" бағдарламасына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол музыкалық мектепте оқиды, фортепианода ойнайды. Бал биімен, жүзумен айналысады. Үлкен концерттер бергісі келеді екен. 

"Мен көңілді күлегешпін. Анам жақсы ән салатынымды байқап, сабақтарға апарды. Үйден тіс щеткасын алып, ән салатынмын. Кітап оқығанды сүйемін, бірақ ертегі емес, ертегіні кішкентайлар оқиды", - деп әңгімелейді ол өзі жайлы. 

Алина Арета Франклиннің (Aretha Franklin) Think әнін орындады. 

Айта кетейік, Алина Сансызбай осыған дейін украиналық "Голос" бағдарламасына қатысқан, Мәскеудегі "Поколение NEXT-2015" фестивалінің жеңімпазы. Сонымен қатар, жастайынан каратэмен айналысады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети