31 мамыр 2022 12:19

"Мен үшін - анасың". Роза Рымбаеваның 20 жыл бұрынғы сұхбатындағы жағдай Қазнетті тәнті етті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желідегі видеодан алынған кадр Желідегі видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде әнші Роза Рымбаеваның ұлы Мәди Рымбаевтың кішкентай кезіндегі видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде әнші Роза Рымбаеваның ұлы Мәди Рымбаевтың кішкентай кезіндегі видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кім тиді? Аузың шоколад, бар сүртіп келші. Орамал алып келші. Оның ұйқысы келіп тұр, ұйықтайтын уақыты болды. Әлия, шоколад берші. Шоколад береді, бар. Мамаға шоколад алып келші, бар", - дейді Роза Рымбаева видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madi (@madirymbaev)

"Осы видеодан кейін Мәди "Шоколад" деген әнді жазды". Ресми түрде маған күлуге рұқсат беремін", - деп жазды Мәди Рымбаев осы видео туралы Желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, Мәди TikTok-тағы парақшасында осы видеоға қатысты пікір білдірген.

"TikTok-та анамның сұхбатынын үзінді тарап жатыр. Бұл 2002, 2003, 2004 жылдар шығар, нақты білмеймін. Онда сұхбаттың ортасында анама келіп, тамақ ішкім келеді. Иә, қызық. Бұл видеоға жаман нәрселер жазып жатқандар да бар. Бірақ балаға ана керек. Ол сіздерге де маған қалай керек болса, солай керек", - деді ол TikTok-тағы парақшасында Мәди.

Ағасы Әли Оқапов та парақшасына дәл осы видеоны жариялаған.

"Соғыс соғысымен, түскі ас уақытымен", "Сұхбат былай тұрсын", "Ер адам үйде", "Бәріне халық әртісі шығарсың, мен үшін - анасың" қандай атау таңдарымды білмей, бәрін жазуды ұйғардым. Моська, кешір", - деген ол әзілдеп.

Желі қолданушылары видеоға сүйсініп, Әли мен Мәди жариялаған жазбаға түрлі пікір қалдырған:

Құдай жүрек бала, өмірлі бол! Қоймай-ақ қойсын, айтса айта берсін, бәрінің басынан өткен жағдай. Бірақ камерасына да, журналисіне де қарамай сенікі бәрінен асып түсті. Нағыз жігіт!

Мәдиге ол жаста "Халық әртісі" қызық емес, өзінің дегені болуы керек.

Мәди анасының "Халық әртісі" екенін неғылсын, ол - оның анасы, бітті!

Жаным-ау, қарны ашқан баладан.

Аштықтан келгендей.

Анасы жұлдыз екені оған бәрібір.

Осы оқиғаның арқасында Мәдидің "Шоколад" атты керемет туындысын тыңдап жүрміз ғой.

Қарыны ашқан бала ғой, ұятты қайтсін?!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети