22 қыркүйек 2016 23:47

Мешіт алдында жартылай жалаңаш билеген татар әншісінің басы дауға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнебаянның кадры Бейнебаянның кадры

Татарстанда Болгар қаласындағы Ақ мешіттің территориясында жартылай жалаңаш күйде би билеп, бейнебаян түсірген жергілікті әнші Резеда Ганиуллинаның басы дауға қалды, - деп хабарлайды "Эхо Москвы".


Татарстанда Болгар қаласындағы Ақ мешіттің территориясында жартылай жалаңаш күйде би билеп, бейнебаян түсірген жергілікті әнші Резеда Ганиуллинаның басы дауға қалды, - деп хабарлайды "Эхо Москвы".

"Жаным" композициясына түсірілген бейнебаянды әнші "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жариялаған. Оның сипаттамасында әнші қазан айында өтетін жеке концертіне шақырған. 

Видеоға жергілікті дін өкілдерінің бірқатары наразы болды. Мәселен, Қазандағы мешіттің имамы Сейджагфар Лутфуллин бейнебаянды "татар халқының масқарасы" және "дінді қорлау" деп, ал орындаушыны "стриптизші" деп атады.

Республика мүфтиі Камиль Самигуллин "мешіт - би билейтін орын емес" деп мәлімдеді. Ал оның орынбасары Рустам Батров қыздың әрекетін Мәскеудегі Құтқарушы Христос шіркеуінде панк-молебен орындаған Pussy Riot тобының атышулы акциясымен салыстырыпты.

Ал Ганиуллина осыдан кейін бейнебаяны жақпай қалғандардан кешірім сұрауға мәжбүр болды. "Әркім жағдайды өзінің ар-ұятының өлшемімен бағалайды. Сахнада жүргеніме он жылдан асты және шыңдала түсуіме көп күш жұмсадым. (...) Бес уақыт намаз оқымасам да, таңым "бисмилла" сөзімен басталады. Таяуда құрбан шалдық, садақа тараттым, әрдайым адамдарға көмектесуге дайынмын. Біздің ислам дініміз ең таза, ең әділ, татулыққа баулитын дін. Көңілге тиіп кетсе, кешірім сұраймын. Бұл менің сахнадағы образым", - деген әнші мінсіз орындалған шығыс биінің стриптиз емес екенін айтты. Айтуынша, "би, ән, көркем сөз - бұл эстрада жанры".

Ал РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Ресейдің Тергеу департаменті Резеда Ганиуллинаның бейнебаянының шығуы дерегі бойынша тергеуалды тексерісті бастаған. Ведомстводағылар әншінің әрекеті "Ар-намыс құқығы мен дін бостандығын бұзу" бабы бойынша қарастырылуы мүмкін екендігін айтты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети