23 қазан 2018 14:08

Министр әнші Төреғали Төреәлінің әуежайдағы оқиғасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің әуежайдағы оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің әуежайдағы оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 қыркүйекте Төреғали Төреәлі жолаушы болмаса да ұшақ салонына отбасын шығарып салу үшін кіріп кеткен. Оқиға салдарынан Алматы - Гонконг әуе рейсі кешікті. Кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды. Артынша әншіге де айыппұл салынған болатын.

"Бұған қатысты пікір білдіру қиын, кінәлілер жазасын алды. Шекара органдарының қызметкерлері мен әуежай қызметкерлері жазаланғанын білемін. Бір айтарым, бұл дұрыс емес", - деді министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Төреғали халықтың сүйіктісі болса, да заң барлығына бірдей.

Ал Көліктегі ІІД өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту дерегі бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлады. Егер кінәлі деп танылса, айыптыға мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети