Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Пресняков пен Қалиеваның ажырасуына жұмысбастылық себеп

25 Маусым 2014, 18:13
0
©Starhit.ru
©Starhit.ru

Әнші Владимир Пресняков ұлы Никита Пресняков пен оның қалыңдығы Аида Қалиеваның не себепті ажырасқанын Star hit порталына әңгімелеп берді. Бұл екеуінің ажырасқаны туралы ақпарат БАҚ-та 14 маусым күні пайда болған еді. Аида Қалиева бұл ақпаратты растады, ал Никита Instagram-да басқа құрбысының фотосын жариялады, ол - 17 жастағы мектеп оқушысы Алена.

Пресняковтың үлкені жастардың ажырасқанын әйелі Наталья Подольскаяның туған күнінде естіген. Никита әкесіне келіп, сүйіктісімен қатынасты үзгенін айтқан. "Бұған дейін олар екі ай бойы бірге жүрмеген болатын. Бірақ қатынастары үзілгенін жасырып келді. Біз мейрамханаларға, киноға бірге баратынбыз. Никита маған тартқан, үндемейді. Ол ешқашан сыр бермейді", - дейді Владимир.

Оның айтуынша, Никита Аиданы қатты жақсы көргендіктен, ажырасқанда қиналған. "Ол өзін тамаша әнші әрі музыкант ретінде көрсете білді. Бірақ отбасылық өміріне, әрине, бұл оң әсер етпеді. "Точь в точь" жобасына қатысқан кезде ол үйге түнеуге де үлгермей жүрді. Сонымен қатар, тағы бірнәрсе түсіріп, сапарларға шықты. Аидаға мұндай тығыз жұмыс кестесін түсіну қиын болды. Бұған шыдау үшін көп тәжірибе керек еді, ал оның жасында мұндай тәжірибе қайдан болсын?" - деді Пресняковтың үлкені.

Владимир Никита мен Аиданың арасына басқа бір адам түсті деген ақпаратты растамады. 17 жастағы Алена Никитаның жай ғана досы екен.

Никита мен Аида бірнеше жыл бұрын Нью-Йоркте танысқан. Олар ең алғаш 2010 жылы Тимур Бекмәмбетовтің жаңа фильмінің тұсаукесерінде көптің алдына шықты. 2013 жылдың сәуір айында Никита сүйгеніне су астындағы кешкі ас кезінде үйленуге ұсыныс жасады. Аида келісім берген болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай