Ресейлік белгілі продюсер Шымбұлақта түсірген видеосына Молданазардың әнін қолданды

08 Сәуір 2018, 11:46
0
Ресейлік белгілі продюсер Шымбұлақта түсірген видеосына Молданазардың әнін қолданды - Видеодан алынған кадр © Instagram.com
Видеодан алынған кадр © Instagram.com

Бүкіл әлемге танымал #FollowMeTo фотожобасының негізін салушы, фотограф әрі продюсер Мурад Осман Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол Instagram желісіндегі stories-ке Шымбұлақта түсірілген видеоны салды, ол түсірілімге қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазардың әнін қолданған.

Атақты жоба 2011 жылы пайда болды. Тап сол кезде Барселонаға сапары кезінде #FollowMeTo стиліндегі ең алғашқы сурет түсірілген, сөйтіп, жобаның өз тарихы бастау алды және қазір бүкіл әлемге белгілі жоба миллиондаған адамның саяхатқа деген құлшынысын арттырып келеді. Барлық суреттегі модель - Мурад Османның әйелі Наталья.

Ашық дереккөздерге сенсек, 2017 жылы бұл жұп Forbes USA журналының нұсқасы бойынша, "Саяхат саласындағы ең беделді тұлғалардың" үштігіне кірген.

Фотографтың #FollowMeTo жобасындағы бірнеше жұмысын назарларыңызға ұсынамыз:

© Instagram.com/muradosmann

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай