Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Танымал пародист Олжас Сыдықбек отбасын құрды

13 Маусым 2015, 09:38
2
©Facebook.com
©Facebook.com

Танымал пародист Олжас Сыдықбек отбасын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Олжас Сыдықбек Instagram желісіндегі парақшасында жария етті. "Ал, суйiншi!!! Келiндерiңiз босаға аттады", - деп сүйінші сұрады әртіс. Өнерпаздың таңдаған жарының есімі Арайлым. Ол Көкшетау жерінен көрінеді.

Арайлым есімді қалыңдықтың ұзату кеші осыдан бір апта бұрын өтті. Сол уақытта пародист "Арқадан асыл жарымды тауып, Алатауыма аттанғалы отырмын...", - деп сүйіншілеген болатын. 

Еске салайық, Олжас Сыдықбек атақты шоумен Тұрсынбек Қабатовтың "Базар жоқ" театрындағы өнер көрсетуінен кейін танымал бола түскен еді. Өнерпаздың активінде ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, МузАРТ тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев сияқты танымал адамдарға жасаған пародиясы бар. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай