24 қазан 2015 19:13

Вера Брежнева композитор Константин Меладзеге тұрмысқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Il Tirreno Versilia © Il Tirreno Versilia

Ресейлік танымал әнші Вера Брежнева атақты композитор Константин Меладзеге тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Elle.ru басылымы әншінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.


Ресейлік танымал әнші Вера Брежнева атақты композитор Константин Меладзеге тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Elle.ru басылымы әншінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл жайлы ақпаратты итальян бұқаралық ақпараттары бірінші болып таратқан. Некелесу рәсімі Версилияның Тоскан жағалауындағы Форте-дей-Мармиде өткен. Сонымен қатар, олардың некесін қала мэрі Умберто Бураттидің қиғаны айтылады. Итальян тілшілерінің мәліметінше, салтанатты шарадан кейін Paradiso al Mare қонақүйінде мерекелік дастархан жайылыпты. Жас жұбайлардың бал айы Версилияда өтеді деп жоспарланып отыр. 

Еске салайық, ресейлік басылымдар жұлдыз бен продюсердің арасын тек жұмыс емес, сонымен қатар, жеке де қарым-қатынастың байланыстыратыны жайлы бірнеше жыл бұрын жаза бастаған болатын. Меладзе де, Брежнева да жеке өмірлері жайлы еш сұхбатында ашып айтпаған.   


© Il Tirreno Versilia

Еске салайық, Константин Меладзе өткен жылы отасқанына 19 жыл болған Яна есімді жұбайымен ажырасып кеткен еді. Ал Брежнева 2012 жылы украин кәсіпкері Михаил Киперманмен ажырасып кеткен. Басылымның мәліметінше, әншінің баспасөз хатшысы Меладзе мен Брежневаның үйлену тойы жайлы ақпаратты растап үлгеріпті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети