12 мамыр 2022 08:58

Ангелина Лукас әлем чемпионатының бірінші кездесуінде жеңілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram.com/angelina_lukas1997/ ©instagram.com/angelina_lukas1997/

Түркиядағы әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде Халықаралық бокс федерациясының (IBA) намысын қорғаған қазақстандық боксшы Ангелина Лукас бірінші жекпе-жегінде жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Түркиядағы әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде Халықаралық бокс федерациясының (IBA) намысын қорғаған қазақстандық боксшы Ангелина Лукас бірінші жекпе-жегінде жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Лукас бірінші айналымда Бразилияның өкілі Каролин де Алмайдамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Ангелина 0:5 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, Лукас 2021 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, украиналық Светлана Василевскаядан айласын асырды. Ол кездесу төрт раунд болып, төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші кезеңіне Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) шыққан еді. 

 
Ал Аида Әбікеева (63 келі) бірінші айналымнан аса алмады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети