22 мамыр 2023 09:46

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, жеке сында үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік классификацияда рекорд төртінші орынға көтерілсе, бұған дейін ол алтыншы орында болған еді. Рыбакина Римде өткен турнирдегі жеңісінің арқасында рейтингіде жоғары көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 61-орынға түсті.

Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Свентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула.

Жұптық сында үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 26-орыннан 24-орынға көтерілді.

Чехиялық Катерина Синякова көш басын сақтап қалды. Бұл ретте америкалық Джессика Пегула үшінші орыннан екінші орынға көтерілді, ал бұған дейін төртінші орында болған оның отандасы Коко Гауфф үздік үштікте тұрақтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети