16 тамыз 2022 09:47

Қазақстандық ауыр атлет Ислам ойындарында чемпион атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

+87 келіде сынға түскен Айзада Муптилда серпе көтеруде 116 келі, жұлқа көтеруде 150 келі зілтемірмен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Спортшы жалпы жарыс қорытындысы бойынша 266 келі зілтемірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал, дәл осы салмақта Любовь Ковальчук серпе көтеруде 114 келі, жұлқа көтеруде - 147, жалпы есепте 261 келіні көтеріп, жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстан үшін Ислам ойындарында ауыр атлетикадан жарыстар аяқталды. Ауыр атлеттеріміз ел қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети