26 қазан 2021 08:50

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Данияр Майлыбаев ©Данияр Майлыбаев

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының бірінші айналымында Теміржанов Азия чемпионы моңғолиялық Эгкх Амар Хархуден үстем түсті.  Төрешілер жеңісті бір ауыздан отандасымызға берді. 

Бас төреші кездесудің екінші раундында дәрігерлермен ақылдасып, айқасты тоқтатты. Себебі, моңғолиялық боксшы жарақат алып қалды. 

Енді 23 жастағы Теміржановтің келесі қарсыласы 2019 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанған жапониялық Рейто Цуцуми болады. 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети