19 қазан 2021 11:54

Қазақстандық спортшы кермеге тартылудан Гиннес рекордтар кітабына енді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Фатахов Руслан Фатахов

Шахтинск қаласының 19 жастағы тұрғыны Руслан Фатахов кермеге тартылудан бес жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахтинск қаласының 19 жастағы тұрғыны Руслан Фатахов кермеге тартылудан бес жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан кішкентай кезінен спортпен айналысқан. Алғашында грек-рим күресін жақсы көрген, кейін жеңіл атлетикамен, футболмен, баскетболмен, волейболмен, ал 16 жасында стритлифтингпен айналысқан.

"Спорт - менің өмір салтым. Жеңіске жеткенді, бірінші болғанды жақсы көремін. Стритлифтинг - өз-өзіңмен күресу. Басында артық салмақпен көтеріле алмадым, бірақ ауыр жаттығулар өз нәтижесін берді. Былтыр жазда дене салмағыма +32 келіде тартылуда әлем чемпионы атандым. Чемпионат Киевте өтті", - деді Руслан.

Руслан былтыр қазанда Гиннестің рекордтар кітабына "қосымша салмақпен тартылу" номинациясына өтінім берген. Ол осы номинациядағы барлық жеті рекордты жаңартуға шешім шығарған. Биыл сәуірде екі жаттықтырушының қатысуымен фото, видеоға түсіріп жасаған. Видео мен қажет құжаттарды жіберген Руслан алты айға жуық уақыт жауап күткен. Жақында оның бес рекорд жаңартқаны расталды. Бұл - өз салмағымен минутына 20 рет дене салмағына + 45 кг, минутына 31 рет дене салмағына +27 кг, минутына 39 рет дене салмағына +18 кг, кері 35 рет дене салмағына +18 кг тартылу. Қалған екі категория бойынша әзірге нәтиже жоқ.

"Гиннестің рекордтар кітабына енгеніме қуаныштымын. Екі категория бойынша қосымша құжат жіберуімді сұрады, мен әлі жауап алмадым. Рекорд орнатамын деп ойлаймын. Қазір Ресейде оқимын. Шет тілдерін үйренемін, жаттығу жасаймын. Болашақта жаттығу мен стритлифтинг секциясын ашып, біліміммен, тәжірибеммен бөліскім келеді", - деді Руслан Фатахов.

Спортшының рекордтары туралы ақпарат Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети