08 қаңтар 2023 09:16

Шавкат Рахмонов америкалық жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Instagram парақшасында жарияланған видеодан кейін америкалық жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.


Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Instagram парақшасында жарияланған видеодан кейін америкалық жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

Рахмонов Майамиде америкалықтың бірнеше ММА қолғаптарына қол қойып, кәдесый сыйлаған видеосын жариялаған.

"Америкалық жанкүйер", - деп жазба қалдырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat Rahmonov (@shavkatrakhmonov94)

Видеоға америкалық жанкүйерлерлер қазақстандық спортшының жанкүйерге емес спортшының қолын қойдырып, кейін қайта сататын сатушыға қол қойғанын айтып, реніштерін жазған.

"Бұл жанкүйерге бұрын-соңды киіп көрмеген жекпе-жек қолғаптары не үшін керек? Ол міндетті түрде қайта сатады", - деп жазды желі қолданушылардың бірі.

Алайда қазақстандық жанкүйерлер жерлестерін қолдады.

"Шавкат жақсы жігіт. Бұл қолғапты кейін сатса да лайықты. Менің ойымша, ол бәрін дұрыс жасады. Қалай болғанда да адамдарды осындай ұсақ-түйекпен қуанту керек", - деді жанкүйерлердің бірі.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың маусымында Нил Магнимен өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Жалпы, Рахмонов кәсіпқой аралас жекпе-жекте 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети