08 қазан 2019 10:20

27 жыл түрмеде отырған америкалық әп-сәтте миллионер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марк Шанд © New England Public Radio Марк Шанд © New England Public Radio

55 жастағы америкалық Марк Шанд сот қателігі салдарынан зардап шеккені үшін әп-сәтте миллионер атанды, - деп хабарлайды Medialeaks.


55 жастағы америкалық Марк Шанд сот қателігі салдарынан зардап шеккені үшін әп-сәтте миллионер атанды, - деп хабарлайды Medialeaks.

1986 жылы оған қыз баланы өлтірді деген айып тағылды. Негізінде ол есірткі сатушы екі топтың жанжалы салдарынан қаза тапқан. Алайда қылмысты Марк есімді жігіт істеді деп, өмірбойына бас бостандығынан айырған. 


Марк Шанд жас кезінде. © Springfield Police

Кейінірек Марк Шандқа қарсы куәгер болған адамдар өз сөздерінен айнып, оның кінәлі еместігі туралы айта бастаған. Кейбіреулері мүлде өз сөзінен бас тартқан. 

27 жыл өткенде тергеушілер істі қайта қарап шыққан. Соның нәтижесінде олар Марктың еш кінәсі жоғын анықтаған. Ер адамды бостандыққа шықты. Ол моральдық өтемақы талап етті. Заң оның жағына шықты. 


Марк Шанд. © New England Public Radio

Маркқа 27 миллион доллар беру үкімі шықты. Оның адвокаты осы сомаға қанағат тұтты, бірақ оның айтуынша текке өткен 27 жылды ақшамен жуып-шаюға келмейді. 

Марк болса, ақша алғаны үшін емес, арының тазарғанына мәз. Қомақты сома да оның өмірін жеңілдететіні анық. Ол бұрыннан "өз кәсібім болса" деп армандайды екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети